KAZ Minerals

НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТІ– ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ ӨНДІРУ

Жер үстіндегі Қазақмыс жұмыскерлері, мыс кеніші

Біздің көзқарасымыз

Топ қарамағындағы кәсіпорындар жергілікті халық денсаулығына және қоршаған ортаға нұқсан келтірмеу мақсатында қауіп-қатерлерді тиімді басқаруды қамтамасыз етге тиіс. Біз жауапкершілікті компания мәртебесіне ие болған Топ ретінде өз стратегиямызды капиталға деген қолжетімділікті қамтамасыз ету, пайдалану шығындарын азайту, реттеуші органдармен және жергілікті қоғамдастықтармен тиісті қарым-қатынас орнату, сондай-ақ, үздік мамандарды жұмысқа тартып, оларды ынталандыру арқылы дамытуға тиіспіз. Біздің қызметіміз өзіміз жұмыс істейтін аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етуі керек. Біз салық төлеу, қызметкерлерімізге еңбекақы төлеу және олардың сатып алу мүмкіндіктерін қолдау арқылы Қазақстан экономикасын дамытуға сүбелі үлес қосып келеміз. Жұмыс орнындағы қауіпсіздік – қызметкерлеріміз бен мердігерлеріміздің қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті басты алғышарттардың бірі. Сондықтан біз техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелеріне ерекше көңіл бөлеміз.

Біздің мақсатымыз – нормативтік талаптар мен халықаралық стандарттарға сай келетін қауіпсіз әрі тиімді өндіріс қалыптастыру. Жер-жердегі кәсіпорындарымыз тұрғылықты халық пен қоршаған ортаға келетін қауіп-қатерлерді үнемі бақылап отырады. Бұл жұмыстардың бәрі Топ басшылығымен жүргізіліп келеді. Тобымыздың қауіптерді басқару процесі мен Топ қызметінің денсаулыққа, жалпы қауіпсіздік пен қоршаған ортаға келтіретін залалы туралы жылдық есебімізде нақты атап көрсетілген. Сайтымыздың бұл бөлімінде корпоративтік жауапкершіліктің түрлі аспектілеріне қатысты нақты ақпар беріп отыратын боламыз.

Қазақмыстың бір кеңсесіндегі қызметкерлер