KAZ Minerals

НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТІ– ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ ӨНДІРУ

Турбина жабдығын бояу, Екібастұз электр станциясы

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау

Пайдалы қазбаларды игеру және электрқуатын өндіру – ауыр жабдықтарды, жарылғыш заттар мен зиянды химикаттарды пайдаланумен байланысты қауіпті қызмет түрі. Кісі өлімімен аяқталатын қайғылы оқиғалардың санын нөлдік деңгейге жеткізу - біздің ұзақ мерзімді мақсатымыз болып табылады. Бұл өте күрделі міндет, дегенмен біз оған қол жеткізуге ниеттіміз. Біз компаниямыздың барлық бөлімшелерінде қауіптерді тиісті түрде бағалай білуге және түсінуге негізделген, қауіпсіздік техникасын арттыруға және өндірістік жағдайларды жақсартуға бағытталған қауіпсіздік техникасы мәдениетін қалыптастыру жұмысын жалғастырып келеміз.