KAZ Minerals

НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТІ– ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ ӨНДІРУ

Қазақстан табиғаты

Жұмыс істеу принциптері

Компанияның өз ішінде, клиенттермен, серіктестермен және билік орындарымен адал әрі ашық қарым-қатынас орнату біздің компаниямыз үшін маңызды мәселенің бірі. Біз өзгеріп отыратын заң талаптарына сай, мәселен, Ұлыбританияда 2010 жылы қабылданған жемқорлыққа қарсы күрес заңының талаптарына сәйкес, өз ұстанымдарымыз бен ішкі жүйелерімізді біртіндеп жетілдіріп отырамыз. Қызметкерлеріміз жемқорлыққа қарсы саясат бойынша оқытылады. Ол мамандарымызды күнделікті жұмыс барысында этика қағидаларына сай дұрыс шешім қабылдауға үйретеді.