KAZ Minerals

НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТІ– ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ ӨНДІРУ

Жезқазған кешеніндегі балқытушы

Неліктен Қазақстан?

Өндірісті ұлғайту үшін ұтымды орналасқан

Қазақстан аумағында орналасқандықтан Орталық Азияның өсу әлеуетін пайдаланудың, қарқынды дамып жатқан нарықтармен ынтымақтастық орнатудың бірегей мүмкіндігі зор. Қазақстан - дамыған көлік тораптары бар, едәуір шетелдік инвестиция тартып отырған табиғи ресурстарға бай ел. Осының арқасында бизнесті кеңейтіп, дамыту үшін мол мүмкіндіктер бар. 

Келешегі мол экономикалық ортадағы қызмет

Қазақстан өзінің жер аумағы бойынша әлемде тоғызыншы орында, ал бұрынғы Кеңестер Одағында екінші орында тұр. 1991 жылдан бастап жүргізілген реформалар ел экономикасын айтарлықтай ілгерілетті. Оның нәтижесінде экономикалық көрсеткіштер жыл сайын тұрақты түрде өсіп, 1993 жылдан бері тікелей шетелдік инвестициялар мөлшері 200 млрд. АҚШ долларынан асты және бұрынғы Кеңестер Одағы кеңістігінде инвестициялық несие рейтингіне ие болған алғашқы елге айналды. 

Қызмет жүргізу үшін берік негіз бар

KAZ Minerals пен Топ құрамындағы Қазақмыстың 2014 жылғы 31 қазанда қайта ұйымдастырылу аяқталғанға дейін де өндірістік қызметті дамытудың 1930 жылдан бері жалғасып келе жатқан бай тарихы бар. Бүгінде KAZ Minerals - Қазақстандағы ең ірі өнеркәсіптік Топтардың бірі. Біздің кәсіпорындарымызда 10 мыңнан астам адам қызмет етеді және біз тау-кен металлургия өнеркәсібі саласының ірі жобаларын қолға алдық. Өркендеу жобаларымыз Қазақстан экономикасы мен индустриясының дамуына алдағы жылдары да қомақты үлес қосады.  

Географиялық тұрғыдан алғанда ұтымды орналасқан және өсу әлеуеті зор

Компанияға шолу

Біз мыс өндірісіне бейімделген, табиғи ресурстарды өңдеу бойынша әлемдік көшбасшылардың біріміз. Топтың акциялары Лондон, Гонконг пен Қазақстан қор биржаларында айналымда

Толығымен

Біздің стратегиямыз

Негізгі қызметіміз – Орталық Азиядағы табиғи ресурстарды игеру

Толығырақ

ҰҚСАС СІЛТЕМЕЛЕР

TODO