KAZ Minerals

НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТІ– ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ ӨНДІРУ

Жұмыскерлер Бозшакөл кенішінде

Біз кімбіз

KAZ Minerals – Қазақстанда заманауи, азшығынды тау-кен өндірісін дамытуға бағытталған мыс өндіруші компания. Топтың құнды қағаздары Лондон, Гонконг пен Қазақстан қор биржаларында айналымда.

Өндірісті ұлғайту мен тиімділігін арттыру

Бозшакөл, Ақтоғай мен Көксай секілді ірі өркендеу жобалары іске қосылғаннан кейін мыс өндірісін арттыруды жоспарлап отырмыз. Біз өндірістің көлемін емес, басты кезекте оның тиімділігін өсіруге тырысамыз. 2014 жылдың қазан айында біз Топты қайта ұйымдастыру шарасын аяқтап, өркендеу жобаларын жүзеге асыруға ден қойдық. Біздің мақсатымыз – 2018 жылға қарай өндіріс көлемін 300 мың тонна катодты мысқа жеткізу. Оның 80 пайызы ірі заманауи ашық түрдегі кеніштерде өндірілмек. Бұл 2013 жылдан 2018 жылға дейінгі кезеңде 28 пайыз деңгейіндегі орташа жылдық өндіріс көлемінің өсіміне сәйкес келеді.

Қызметкерлеріміз бен жергілікті халықты құрмет тұту

KAZ Minerals - сенімді жұмыс беруші және Қазақстандағы қарқынды дамып келе жатқан компаниялардың бірі. Компания ел экономикасының дамуына үлес қоса отырып, қызметкерлеріміз бен олардың жақындарының мүдделерін қорғау мен құрметтеуге бағытталған корпоративтік жауапкершілік бағдарламасын белсенді жүзеге асыруда. Қызметкерлеріміз бен компания жұмыс істейтін аймақтардағы жергілікті халық біз үшін ең басты құндылықтар болып табылады.

Негізгі бағдар – мыс өндірісі

Мысқа деген сұраныс артып келеді. Мыс - қазіргі заманғы экономикалық дамуға қажетті негізгі металдардың бірі және ол барлық тұрғынүйлер мен кеңселерде, көліктер мен электр құралдарының құрамында бар. Мыс - электр қуатын өткізе алатын ең жақсы өткізгіштердің бірі және тоттанбайтын металл ретінде түрлі қорытпалардың құрамында жиі кездеседі. Орташа мерзімді кезеңде мысты жеткізу мөлшері шектеулі болып қалады және мыс бойынша оң болжамдар айтылуда.

Бизнес тұрғысында 

2014 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша KAZ Minerals-тың нарықтық капиталдандыруы $ 2,3 млрд. құрады. 2005 жылдың қазан айында компания өз акцияларын Лондон қор биржасында орналастырды. Компания өз қызметіне тән емес активтерді сату жөнінде бірқатар келісім-шарт жасап, 2014 жылы қайта ұйымдастырылуды аяқтады және қазір Қазақстанда заманауи, азшығынды тау-кен өндірісін дамытуға бет алды. Қайта ұйымдастырылу аяқталғаннан кейін компания атауы KAZ Minerals ПЛС деп өзгерді.

Неліктен Қазақстан

Қазақстан өркендеуге зор мүмкіндіктер ұсынып отыр

Неліктен еңбектенуге жағымды компания екендігін көріңіз

Біздің қызметіміз

2014 жылы қолданыстағы активтеріміздің өндіріс көлемі шамамен 80-85 мың тонна катодты мысты құрайды деп күтілуде

Толығымен