KAZ Minerals

НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТІ– ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ ӨНДІРУ

Жезқазған кешенінің Оңтүстік кенішіндегі бұрғылау жұмысы

Стратегиямыз

KAZ Minerals-тың мақсаты – Орталық Азияда табиғи ресурстарды өңдеу саласында жетекші компанияға айналу. Бұл ең жоғары стандарттарға жету жолындағы талпынысты жалғастыруды, акционерлер үшін табысты, қызметкерлер мен жергілікті халықтың дәулеттілігін қамтамасыз етуді, қызметіміздің қоршаған ортаға әсерін мейлінше азайтуды талап етеді. Стратегиямыз үш құрамдас бөліктен тұрады:

TODO
Өркендеу жобаларын жүзеге асыру

Біздің негізгі мақсатымыз негізгі өркендеу жобаларымыз - Ақтоғай мен Бозшакөл іске қосылғаннан кейінгі 2 жыл ішінде мыс өндірісін айтарлықтай өсіру болып табылады.

Қолданыстағы активтерді оңтайландыру

Оңтайландыру жөніндегі бағдарламамыз барлық активтеріміздің қызметтері мен өндірістік операцияларымыздың көрсеткіштерін жақсарту үшін басқару тетіктерін әзірлеуді қарастырады. Бұл шығындарды азайтып, кірісті өсіріп, өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді.

Кен орындарын сатып алу

Біз басты кезекте Орталық Азияда орналасқан әлі игерілмеген тартымды кен орындарын сатып алу мүмкіндіктерін қарастырамыз.

Болашақ дамудың стратегиясын жүзеге асыру

Директорлар кеңесі стратегияның Топ талаптарына сәйкестігін жылда қайта қарастырады. Тәуекелдерді басқару жүйесі мен іс-қызметіміздің басты көрсеткіштері стратегиямызды толықтырады және тұрақты түрде бақыланады. Біздің ортақ мақсатымыз - Орталық Азияда табиғи ресурстарды өндіру саласындағы жетекші компания деңгейіне жету.    

Біздің қызметіміз

2014 жылы қолданыстағы активтеріміздің өндіріс көлемі шамамен 80-85 мың тонна катодты мысты құрайды деп күтілуде

Толығымен

2014 ЖЫЛҒЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП

2014 жылғы Жылдық есебіміз (ағылшын тілде)

Толығымен