KAZ Minerals

НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТІ– ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ ӨНДІРУ

Екібастұз электр станциясының турбиналық залы, турбина жөндеу жұмысы

Тарихымыз

2014 ЖЫЛҒЫ 31 ҚАЗАН – ТОПТЫҢ ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ АЯҚТАЛДЫ

Орталық және Жезқазған өңірлеріндегі бірқатар тау-кен өндіруші, өңдеуші, мыс балқытушы және энергетикалық активтерді қамтитын кең ауқымды қайта құру шарасы аяқталған соң Топ Қазақстанда заманауи, азшығынды тау-кен өндірісін дамытуға ден қойды. Компания атауы KAZ Minerals PLC деп өзгерді. 

2014 ЖЫЛҒЫ 15 ТАМЫЗ – ТОПТЫ ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ

2014 жылғы 15 тамызда акционерлеріміз Топты қайта ұйымдастыру үшін дауыс берді. Оның нәтижесінде, Жезқазған мен орталық өңірлердегі бірқатар кемел активтер негізгі акционері Владимир Ким болып табылатын Cuprum Holdings компаниясына берілді. Қайта ұйымдастырылу шарасы аяқталған соң жариялық компанияның атауы KAZ Minerals PLC болып өзгертілді.

2014 ЖЫЛҒЫ 7 ҚАҢТАР – МЫС ӨНДІРУ МЕН ӨҢДЕУ – БАСТЫ НАЗАРДА

Топ мыс өндіру мен өңдеуге ден қою үшін Екібастұз ГРЭС-1 станциясындағы 50 пайыздық үлесін сату туралы келісімді мақұлдады. 

2013 ЖЫЛҒЫ 11 ҚАРАША – ENRC-ДАҒЫ ҮЛЕСІН САТУ

Топ ENRC компаниясындағы үлесін сататындығын жариялады. Келісім нәтижесінде Қазақмыс акцияларының басым бөлігі еркін айналымға шығарылды. 

2010 ЖЫЛДЫҢ АҚПАН АЙЫ - БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНСТЫ НЫҒАЙТУ

Компания «Екібастұз ГРЭС-1» электрстанциясындағы 50 пайыздық үлесін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ пайдасына 681 млн. АҚШ долларына сату жөніндегі келісімді жапты. Бұл шешім 2008 жылдың мамыр айында, аталмыш станцияны сатып алу кезінде қабылданған болатын. 

2010 ЖЫЛДЫҢ ҚАҢТАР АЙЫ – ӨРКЕНДЕУ ЖОБАЛАРЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ

Топ өркендеу жобаларын қаржыландыру үшін Қытай даму банкі ұсынған $4,2 млрд мөлшеріндегі қамтамасыз етілмеген алғашқы несие желісін алғандығын хабарлады. 

2005 ЖЫЛДЫҢ ҚАЗАН АЙЫ - ЛОНДОН ҚОР БИРЖАСЫНЫҢ ЛИСТИНГІСІНЕ ЕНДІ

Қазақмыс акциялары әрқайсысы 540 пенс бағамымен Лондон қор биржасында айналымға шығарылды. Сөйтіп компания лондондық листингке кіретін тау-кен өндіруші компаниялардың қатарына қосылды.

1995 ЖЫЛДЫҢ МАУСЫМ АЙЫ - ИЕГЕРДІҢ АУЫСУЫ

Корейлік Самсунг корпорациясы компанияны басқаруға кірісті. 1996 жылы Самсунг корпорациясы Қазақмыс компаниясының 40 пайыздық үлесін сатып алып, кейін сатып жіберді.

1992 ЖЫЛ - КОМПАНИЯНЫҢ РЕСМИ ҚҰРЫЛУЫ

Қазақстан Үкіметі «Жезқазғантүстім» ААҚ компаниясын құрды. 1992-2002 жылдар аралығындағы өткен бірқатар жекешелендіру мәмілелерінің нәтижесінде Үкіметтің иелену үлесі 100 пайыздан 0 пайызға дейін төмендеді.

1971 ЖЫЛ - ӨНДІРІСТІК ҚЫЗМЕТТІҢ КЕҢЕЮІ

«Жезқазғантүстімет» ӨБ-де мыс балқыту өндірісі басталды.

1930 ЖЫЛ - МИНЕРАЛДЫ РЕСУРСТАРДЫ ӨНДІРІП, ӨҢДЕУМЕН АЙНАЛЫСАТЫН ЖЕТЕКШІ ТОП ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Қазақмыстың өндірістік қызметі Қазақстандағы Қоңырат кеніші мен Балқаш мыс балқыту зауытынан басталды.