KAZ Minerals

НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТІ– ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ ӨНДІРУ

Екібастұз электр станциясының турбиналық залы, турбина жөндеу жұмысы

Деректер мен мәліметтер

KAZ Minerals – Қазақстанда заманауи, азшығынды тау-кен өндірісін дамытуға бағытталған мыс өндіруші компания. Топтың құнды қағаздары Лондон, Гонконг пен Қазақстан қор биржаларында айналымда.

Қысқаша ақпарат
  • KAZ Minerals Лондон, Гонконг пен Қазақстан қор биржаларында тіркелген, Орталық Азияда табиғи ресурстарды өндіру және өңдеумен айналысатын жетекші компания.
  • KAZ Minerals компаниясының негізгі өндірістік нысандары Қазақстан мен Қырғызстанда орналасқан.
  • Біз ірі өркендеу жобаларымыз - Бозшакөл мен Ақтоғайды игеруге кірістік, ал үшінші жобамыз – Көксайда барлау жұмыстары жүргізілуде.
  • Компанияның негізгі қызметі – мыс өндіру, өңдеу және өткізу.
  • Сондай-ақ біз мырыш, күміс пен алтын секілді іліспе өнімдердің ауқымды мөлшерін өндіреміз.
  • 2013 жылы Топтың кірісі $3,099 млрд. құрады. Меншікті шикізаттан 294 мың тонна катодты мыс, 134 мың тонна мырыш концентратын және 14 млн. унция күміс пен 108 мың унция алтын өндірдік. 
  • 2014 жылдың тамыз айында Топтың тәуелсіз акционерлері ауқымды қайта құру шарасын мақұлдады. Нәтижесінде, бірқатар өндірістік активтер жеке компания ретінде қайта құрылды. Топ құрамында қалған өндірістік активтер 2014 жылы шамамен 80-85 мың тонна катодты мыс, 115-120 мың тонна концентраттағы мырыш, 3,3-3,7 млн. унция күміс пен 37-42 мың унция алтын өндіреді деп күтілуде.
  • 2014 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша (Топтың экономикалық бөлінуі өз күшіне енген күн) KAZ Minerals-тың нарықтық құны шамамен $2,3 млрд. құрады. 

Қайта ұйымдастырылу

2014 жылдың тамыз айында Топ акционерлері Топты қайта ұйымдастыруды қолдап дауыс берді. 2014 жылғы 31 қазанда мәміленің барлық шарттары мақұлданды, ал Топтың экономикалық бөлінуі 2014 жылғы 1 тамызда күшіне енді.

Толығымен

Корпоративтік стратегия
  • Ірі өркендеу жобаларын – Бозшакөл мен Ақтоғайды жүзеге асыру
  • Қолданыстағы активтерді оңтайландыру мен өндірістің тиімділігін арттыру
  • Компанияны негізінен Орталық Азияда мыс өндірісімен айналысатын тау-кен компаниясы ретінде дамыту және тартымды, бірақ әлі игерілмеген табиғи ресурстарды белсенді іздеу.

Толығымен

Корпоративтік жауапкершілік

Біз қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау бойынша көрсеткіштерімізді жақтырсуға тырысамыз. Мақсатымыз – өндірістік алаңдардағы жарақат алу көрсеткішін нөлдік деңгейге жеткізу. Бұл үшін біз төмендегідей іс-шараларды жүзеге асырып жатырмыз:

  • Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғауға инвестиция бөлеміз. 2013 жылы құрал-жабдықтарды жаңартуға және еңбек жағдайын жақсартуға $40 млн бөлінді.
  • Қызметкерлерді өндірістік тәуекелдер туралы жан-жақты хабардар етуге және Компанияның барлық деңгейінде қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғауды басқару ісін жетілдіруге бағытталған ұзақ мерзімді бағдарламаны қолға алдық.
  • Сыртқы кеңесшілермен тығыз әріптестік қарым-қатынас орнаттық.

KAZ Minerals инвестиция бөлу арқылы өз қызметін жүргізетін аймақтардағы жергілікті қауым мен халыққа қолдау көрсетіп келеді:

  • Инфрақұрылымдар. Кеніштерге жақын орналасқан аймақ тұрғындары үшін жолдардың құрылысы мен түрлі нысандарға инвестиция бөлінеді.
  • Денсаулық сақтау ісі. Оның ішінде медициналық мекемелер үшін жабдықтар сатып алу арқылы.
  • Білім беру мен спорт. Оның ішінде мектептер мен бала-бақшалардың, спорттық нысандардың құрылысы және оларды күтіп ұстауға.
  • Мәдениет саласы. Оның ішінде демеушілік көрсету мен қайырымдылық көмектер беру арқылы.

Біз қорларды ұқыпты және жауапты пайдалану арқылы қызметімізден қоршаған ортаға келетін әсерді барынша азайтуға тырысамыз. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларымыз мыналарды қамтиды:

  • Көміртек бірліктерінің саудасы жөніндегі ұлттық бағдарламаға қатысуды.
  • Энергоүнемдеу бағдарламасын. Оның аясында кәсіпорындарымыздағы қуат тұтыну көрсеткішін 2020 жылға қарай 25 пайызға азайтуға тырысамыз.
  • Су ресурстары мен қалдықтарды басқару бағдарламасын. Оның ішінде қалдық сақтау қоймалары ерекше бақылауда болады.

Толығырақ

Атқарушы директорлар
  • Олег Новачук, Бас басқарушы директор
  • Эндрю Саузам, Қаржы директоры
Атқарушы емес директорлар
  • Саймон Хил, Директорлар кеңесінің Төрағасы
  • Владимир Ким
  • Клинтон Дайнс
  • Чарльз Уотсон
  • Майкл Линч-Белл
  • Линда Армстронг

Толығымен

Компанияға шолу

Біз мыс өндірісіне бейімделген, табиғи ресурстарды өңдеу бойынша әлемдік көшбасшылардың біріміз. Топтың акциялары Лондон, Гонконг пен Қазақстан қор биржаларында айналымда

Толығымен

Неліктен Қазақстан

Қазақстан өркендеуге зор мүмкіндіктер ұсынып отыр

Неліктен еңбектенуге жағымды компания екендігін көріңіз